
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын жариялады.
Құжатқа сәйкес, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 8,5 пайызға өсуі мүмкін, ал ең төменгі жалақы қазіргі деңгейде қалады.
Жобада мынадай көрсеткіштер қарастырылған:
ең төменгі жалақы — 85 000 теңге;
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 4 693 теңге;
ең төменгі базалық зейнетақы — 38 622 теңге;
ең төменгі зейнетақы — 74 919 теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгейі — 55 173 теңге.
2026 жылы АЕК 4 325 теңгені, ең төменгі зейнетақы 69 049 теңгені, ал ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 851 теңгені құрайды. Бұл мөлшерлер республикалық бюджет туралы қолданыстағы заңда бекітілген.
Осылайша, АЕК, ең төменгі күнкөріс деңгейі және ең төменгі зейнетақы төлемдерін шамамен 8,5 пайызға арттыру ұсынылуда. Ең төменгі жалақы төртінші жыл қатарынан 85 мың теңге деңгейінде қалуы мүмкін.
АЕК-тің өсуі оған байланған жәрдемақы, салық, мемлекеттік баж және айыппұлдардың мөлшеріне әсер етеді.
Көрсетілген сомалар әлі бекітілген жоқ. Бюджет жобасы Құрылтайда қаралып, Президент қол қоюы тиіс. Мақұлданған жағдайда жаңа көрсеткіштер 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
В Атырау +24.4