
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов осы лауазымдағы жұмысын аяқтағанын мәлімдеді.
Бұл туралы ол әріптестері мен жұртшылыққа арнаған үндеуінде хабарлады. Айманбетовтің айтуынша, шешім тараптардың өзара келісімі бойынша қабылданған.
«Бұл жай ғана жұмыс кезеңі емес, үлкен жауапкершілікке, маңызды міндеттерге және ерекше кәсіби әрі адами мәнге толы жол болды», — деп атап өтті ол.
Айманбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа білдірген сенімі мен мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ол Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, бейінді министрліктерге, әкімдіктерге, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қолдауы мен ынтымақтастығы үшін ризашылығын жеткізді.
Бөлек тоқталып, ол «Келешек мектептері» ұлттық жобасын іске асыруда бірге жұмыс істеген әріптестеріне де алғыс айтты.
«Бүгін мен өз лауазымдық өкілеттіктерімді тапсырамын, алайда елге қызмет ету, мемлекеттің дамуына үлес қосу және халық игілігі үшін еңбек ету ұстанымдарым өзгеріссіз қалады», — деп жазды Әйманбетов.
Сондай-ақ ол жұртшылыққа қолдауы, ізгі тілектері мен еңбегін бағалағаны үшін алғыс білдірді.
В Атырау +16.8