Атырау, 31 тамыз 20:25
 дождьВ Атырау +25.4
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41

Қазақстандықтар ауруханаға түскен жағдайда олардың жақындары автоматты түрде хабар ала алады

86 рет қаралды

eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында жаңа тегін сервис іске қосылды. 

«Госпитализация жағдайында хабарлау үшін сенімді контактілерді тіркеу» деп аталатын қызмет арқылы азамат жол апатына түскенде, кенеттен ауырып қалған кезде немесе басқа себеппен туыстарына өзі хабарласа алмайтын болса, жүйе автоматты түрде SMS-хабарлама жібереді.

Әр қолданушы үш сенімді адамға дейін көрсете алады, басты талап — олардың жасы 18-ден асқан болуы және Мобильді азаматтар базасында тіркелуі. 

Қызметті рәсімдеу үшін порталға кіріп, ЖСН енгізіп, деректерді өңдеуге келісім беру қажет. 

Таңдалған адамға SMS келеді, ол 911 кодын жіберсе келісім, 912 кодын жіберсе бас тарту болып есептеледі. 

Шешім қабылдауға 5 сағат беріледі. 

Өтінім 10 минут ішінде қаралады, ал статусын eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшадағы «Хабарламалар — Жеке кабинет тарихы» бөлімінен тексеруге болады.

Бүгін, 19:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.