Атырау, 31 тамыз 19:04
 дождьВ Атырау +25.4
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41

​Атырау облысында жыл басынан бері 77 келіге жуық есірткі тәркіленді

85 рет қаралды

2026 жылдың басынан бері Атырау облысында полиция қызметкерлері 77 келіге жуық есірткі тәркіледі.

Өңірдегі есірткіге қатысты жағдай бойынша Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Айбол Ідірісов мәлім етті.

Ведомствоның мәліметінше, өңірде жыл басынан бері есірткіге қатысты 88 құқық бұзушылық анықталды, оның 60-ы қылмыс санатына жатады.

Полиция қызметкерлері ғаламтор мен мессенджерлер арқылы тарату арналарының көзін жоюға ерекше көңіл бөлуде.

– Сонымен қатар есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін цифрлық ортаға да бақылау күшейтілген. Нәтижесінде 895 аккаунт бұғатталып, «Кибернадзор» жүйесіне 700 есірткі сайты енгізілген, – деді Айбол Ідірісов.

Бұдан бөлек, есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі өңірлік Кеңес те жұмыс жүргізуде. Кеңес құрамына жастар, спортшылар, журналистер, депутаттар, блогерлер және қоғам өкілдері кірген.

Кеңес төрағасының орынбасары Андрей Котов атап өткендей, жыл басынан бері Кеңес мүшелері 110 профилактикалық іс-шара өткізді. Олардың қатарында спорттық жарыстар, жастар форумдары, рейдтер, шығармашылық байқаулар және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жобалар бар.

Мәселен, «Заң және тәртіп – қауіпсіз болашақ» форумына 2 мыңға жуық студент қатысты. Сондай-ақ «Спорт – есірткіге қарсы» ұранымен жүгіру ұйымдастырылып, оған 300-ге жуық жас спортшы қатысты. Ал «TungiRun» спорттық шарасына шамамен 500 адам қатысты.

Бүгін, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.