Атырау, 31 тамыз 18:37
 дождьВ Атырау +25.4
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41

"Ұмай" ипотекасына өтінім берушілер техникалық ақауға шағымданып жатыр: банк себебін түсіндірді

99 рет қаралды

Қазақстандық әйелдер «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінім қабылдаудың алғашқы күні-ақ техникалық іркілістерге тап болды. Отбасы банкінде іркілістердің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.

31 тамызда елімізде танымал жеңілдетілген бағдарламаға өтінім қабылдау басталды. Дегенмен, пайдаланушылардың белсенділігіне байланысты банктің онлайн-жүйесінде іркіліс пайда болды. Әлеуметтік желіде азаматтар порталдың қатып қалатынын, ал электронды кезектің алға жылжымай жатқанын айтып шағымданып жатыр.

Отбасы банкі бұл мәселелердің орын алғанын растап, оны серверлерге түскен орасан зор жүктемемен байланыстырды.

«Туындап жатқан уақытша техникалық іркілістер келіп түсіп жатқан өтінімдердің тым көптігіне байланысты. Біздің мамандар туындаған мәселелерді жедел шешу және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», — деп түсіндірді қаржы институтының баспасөз қызметі.

Банктегілер барлық өтініш кезек тәртібімен өңделетінін, бірақ клиенттер ағынының көптігінен бұл процесс әдеттегіден ұзағырақ уақыт алуы мүмкін екенін айтты.

«Ұмай» бағдарламасының шарттары:

  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 14,8% (ЖТСӘ — 16,3%-дан 16,8%-ға дейін);

  • Максималды сумма: баспана сатып алуға 50 млн теңгеге дейін, жөндеу жұмыстарына — 15 млн теңгеге дейін;

  • Табыс шегі: отбасының айлық табысы 1 250 000 теңгеден аспауы тиіс;

  • Талаптар: соңғы 6 айдағы төлем қабілеттілігін растау және сатып алынатын баспанада міндетті түрде тұру.

Бүгін, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.