
Британдық Economist журналы Кремльге жақын дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс төңірегіндегі қазіргі жағдайға арналған мақала жариялады, деп хабарлайды Би-би-си.
Басылымның пайымдауынша, Кремльде бірнеше аптаға созылған ойланыс-толғаныстан кейін жағдайды одан әрі ушықтыру (эскалация) туралы шешім қабылданған сияқты. Журналдың дереккөздерінің бірі — РФ Президентінің «байырғы үзеңгілесі» — ОРБ (ЦРУ) директоры Джон Рэтклифтің жақында Мәскеуге жасаған сапарын ресейлік тарап «Американың әлсіздік танытуы» ретінде қабылдады деген болжам айтты. Жарияланымда бұған ұқсас мысал ретінде Уильям Бернстің 2021 жылғы қарашадағы сапары да еске салынған.
Сондай-ақ мақалада Владимир Путиннің 22 тамыздағы РФ аумағына жасалған шабуылдар «Пандора жәшігін ашып берді» деген сөздері және Украина экономикасының түйінді секторларына қарымта соққылар беру ниеті туралы мәлімдемесі келтірілген.
Мақала авторлары қабылданып жатқан шешімдердің ішкі себептеріне тоқталып, оларды билікті сақтап қалу мәселелерімен байланыстырады. Жарияланымда қақтығыстың созылып кетуіне байланысты ресейлік элита өкілдерінің арасында пессимистік көңіл-күй белең алғаны айтылады.
Сонымен бірге, Economist Ресейдегі бар экономикалық және саяси қиындықтар елдің қазіргі басшылығы үшін өлімге әкелетіндей қауіпті еместігін де баса айтады.
В Атырау +23.8