
Астауы көтерілген Shacman жүк автокөлігі ақылы Алматы – Қорғас жолындағы бақылау аркасын зақымдады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Жол-көлік оқиғасы 31 тамызда жолдың 120-шақырымында, «Шелек» аркасының маңында болды. Конструкция астынан өтер кезде жүк көлігінің көтеріліп қалған астауы оның жоғарғы бөлігіне тиіп кеткен.
Салдарынан қозғалыс бағыттарының біріндегі арканың бір бөлігі зақымданды. Жол қызметкерлері оқиға орнына жетіп, учаскені қауіпсіздендірді және жол жүрісін қайта қалпына келтіру үшін шаралар қабылдады.
Қазіргі уақытта жолдағы қозғалыс толықтай қалпына келтіріліп, штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайын құзыретті органдар анықтап жатыр.
В Атырау +23.8 

