
Қарағандыда 17 күзетші сот арқылы жалақы бойынша қарызды өндіріп алды.
Жұмыс беруші оларға 2025 жылдың ақпан және наурыз айлары үшін 3 млн теңгеден астам қаражат аударуға міндеттелді.
ЖШС өкілдері төлемнің кешігуін тапсырыс берушінің шартты біржақты тәртіпте бұзып, көрсетілген қызметтер үшін ақша төлемеуімен түсіндірді.
Сот жұмыс берушінің үшінші тұлғалардың міндеттемелерді орындауына қарамастан, еңбекақыны уақытылы әрі толық көлемде төлеуге міндетті екенін атап өтті.
Сот талқылауы барысында күзетшілер өз міндеттерін атқарғанын кезекшілік кестелерімен және күзетілетін нысандардағы материалдық құндылықтарды тіркеу журналдары арқылы дәлелдеп шықты.
Бұған дейін экономикалық сот келісімшартты бұзған контрагенттен ЖШС пайдасына 10,8 млн теңге өндіріп алған еді.
17 жұмысшының талап-арызы толық қанағаттандырылды. 3 млн теңгеден астам қаражатты өндіріп алу туралы шешім заңды күшіне енді.
В Атырау +23.8