
Ақмола гарнизонының әскери соты әскери қызметшінің «Авиация қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесіне қойған талаптарының бір бөлігін қанағаттандыру туралы шешім шығарды.
2025 жылы әскери қызметтен босатылған талап қоюшы қызметтен босатылу кезінде ақшалай төлемдерінің бір бөлігі заңсыз ұсталғанын, жеке мүлкін тасымалдау өтемақысы төленбегенін және тиесілі әскери киім-кешектің берілмегенін айтып, сотқа арызданған.
Сот іс материалдарын зерделей келе, талап қоюшыдан 1 310 807 теңге қаржының ұсталуын заңсыз деп тапты. Бұдан бөлек, бұрынғы әскери қызметшінің Қазақстан Республикасы аумағында жеке мүлкін тасымалдауға байланысты өтемақы алуға толық құқылы екені анықталды.
Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшының пайдасына заңсыз ұсталған 1 310 807 теңге қаржы және жеке мүлкін тасымалдауға байланысты 544 582 теңге өтемақы өндірілді. Сонымен бірге мекемеге берілмеген әскери киім-кешек пен жабдықтарды қолданыстағы нормаларға сәйкес заттай түрде беру міндеттелді.
Ал емделуге жұмсаған шығындарын өндіру туралы өтініші қанағаттандырусыз қалды. Соттың бұл шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
В Атырау +23.8