Атырау, 31 тамыз 16:58
 дождьВ Атырау +23.8
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41

Аида Балаева жаңа лауазымға тағайындалды

69 рет қаралды
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Президент Жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Осы тағайындауға дейін Аида Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымын атқарған еді (2023 жылдың қыркүйегінен бастап).

Әр жылдары ол Ақпарат және қоғамдық даму министрі (2020–2022 жж.), Президент көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі (2019–2020 жж.) болды, сондай-ақ Астана әкімінің орынбасары қызметін (2010–2014 жж.) атқарды.

Бүгін, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.