Атырау, 31 тамыз 16:28
 дождьВ Атырау +23.8
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41

​Қазақстандағы TotalEnergies өкілдігінің жаңа басшысы тағайындалды

101 рет қаралды

Францияның энергетикалық компаниясы TotalEnergies Қазақстандағы өкілдігінде кадрлық өзгерістер болды. Басшылық қызметке Мурад Табути келді, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.

Жаңа басшы энергетика саласында 20 жылдан астам тәжірибеге ие. Оның еңбек жолы корпоративтік қаржы, өндірістік қызмет және бірлескен кәсіпорындарды басқару бағыттарын қамтиды.

Мурад Табути мансабын Франциядағы Ernst & Young аудиторлық компаниясында бастаған. Кейін әр жылдары TotalEnergies құрылымында Қатар, Алжир, Ливия және Францияда жетекші қызметтер атқарды. Атап айтқанда, ол Қатардағы North Oil Company мен Алжирдегі Groupement Timimoun компанияларында қаржы директоры болған.

Қазақстанға келер алдында Табути Париждегі TotalEnergies штаб-пәтерінде барлау және өндіру (E&P) бағыты бойынша бюджеттік жоспарлау мен есептілікке жетекшілік еткен.

Ол HEC Paris бизнес мектебін менеджмент мамандығы бойынша магистр дәрежесімен тәмамдаған. Француз, ағылшын және араб тілдерін еркін меңгерген.

Бүгін, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.