Атырау, 31 тамыз 16:08
 дождьВ Атырау +23.8
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41

Қостанайда Damumed жүйесіндегі қате жазба жүргізуші куәлігін алуға кедергі болды

99 рет қаралды

Қостанайда Нелли есімді тұрғын Damumed жүйесіндегі жалған жазбаға байланысты жүргізуші куәлігін ала алмай отыр, деп хабарлады «NewTimes.kz».

Қосымшада оған күндізгі стационар мен эпилепсиялық синдромға қатысты ауыр диагноз тіркелген. Ал қыздың айтуынша, ол көрсетілген күндері қалада болмаған әрі емханаға бармаған.

Бұл жалған диагноз оған авто мектепке қажет 073/у медициналық анықтамасын алуға кедергі келтіруде. 

Нелли әлеуметтік желіде жағдайды жариялап, e-Otinish арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ресми өтініш жолдаған. Қостанай облысының қоғамдық денсаулық басқармасы қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

№5 қалалық емхана да жазбаның қайдан пайда болғанын анықтау жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл оқиға Damumed жүйесіндегі жалған жазбалар мен қате деректерге қатысты азаматтардың шағымдарына тағы бір мысал болып отыр. 

Бұған дейін де қолданушылар «виртуалды қабылдаулар», «бөтен балалар» және дұрыс қойылмаған диагноздар туралы бірнеше рет хабарлаған.

Бүгін, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.