Атырау, 31 тамыз 16:28
 дождьВ Атырау +23.8
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41

Солтүстік Кипрдегі паром апаты: 241 адам құтқарылды, 8 қаза тапты, 18 іздестірілуде

90 рет қаралды

Солтүстік Кипр жағалауында жолаушылар паромы апатқа ұшырады, деп хабарлайды BBC

Кирения портынан Түркияның Ташуджу қаласына бет алған Filojet катамараны теңізге шыққаннан кейін көп ұзамай су жібере бастады. Барлығы 267 адам болған, оның ішінде 241-і құтқарылды, сегіз адам қаза тапты, тағы 18 адам іздестірілуде. 

Куәгерлер кеменің қатты шайқалғанын, бірнеше минуттан кейін ауаға көтеріліп барып суға құлағанын айтты. Солтүстік Кипр премьер-министрі Унал Устел катамаранға екі үлкен толқын соққанын, екіншісінен кейін кеме су жібере бастағанын мәлімдеді. 

Құтқару жұмыстарына бір жолаушылар кемесі, Солтүстік Кипрдің төрт шекара катері, Түркиядан бес кеме және екі тікұшақ қатысқан. Жолаушылардың бір бөлігі құтқару жилеттерімен кеменің су үстінде қалған бөлігіне шықса, кейбірі жилетсіз теңізге секірген. 

Барлық адамдар эвакуацияланғаннан кейін паром толықтай суға батып кеткен. Апат болған жерде теңіз тереңдігі 514 метр екені хабарланды. Капитан мен экипаждың жеті мүшесі қамауға алынды.

Бүгін, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.