Атырау, 31 тамыз 15:02
 дождьВ Атырау +22.3
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41

Қазақстанда Пржевальский жылқысының екінші құлыны дүниеге келді

110 рет қаралды

Қазақстанда Кертағы деп аталатын Пржевальский жылқысының екінші құлыны дүниеге келді. Бұл жолы төлді Умбра атты бие берді.

Бұл – елімізде жүзеге асырылып жатқан халықаралық бағдарлама аясында туған екінші құлын. Алғашқысы 2026 жылғы 22 тамызда «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы «Алиби» жабайы тұяқтыларды қайта жерсіндіру орталығында дүниеге келген еді.

Қазір Умбра құлнымен бірге бақылауда ұсталып, мамандар олардың жағдайы мен мінез-құлқын қадағалауда. Жобаға қатысушылардың айтуынша, екінші құлынның дүниеге келуі – Қазақстанға әкелінген жабайы жылқылардың табиғи ортаға бейімделіп, өздігінен көбейе бастағанының маңызды белгісі.

Бағдарламаның мақсаты

  • Кертағының табиғи жағдайда өмір сүріп, өздігінен көбейе алатын тұрақты популяциясын қалыптастыру.

  • Жылқыларды тарихи мекеніне қайтару.

Қысқаша тарих

  • 2024 жылы Еуропадан 7 жылқы жеткізілді.

  • 2025 жылы тағы 7 бас әкелінді.

  • 2026 жылы – 8 бас.

Кертағы – Еуразиядағы соңғы жабайы жылқы түрі. ХХ ғасырда табиғатта жойылып кеткенімен, зоопарктерде сақталып, кейіннен тарихи мекендеріне қайта жерсіндіру жұмыстары басталды.

Қазақстанда бұл жобаны ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Праж зоопаркі, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы, Франкфурт зоологиялық қоғамы, Нюрнберг және Берлин зоопарктері, сондай-ақ Венгриядағы «Хортобадь» ұлттық паркі жүзеге асыруда. Ғылыми және ветеринарлық қолдауды Лейбниц атындағы зоопарктер мен жабайы табиғатты зерттеу институты көрсетіп отыр.

Бүгін, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.