Атырау, 31 тамыз 13:22
 дождьВ Атырау +22.3
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41

​Ливияда сайлау өткізу заңдары бойынша түпкілікті келісім жасалды

81 рет қаралды

«4+4» комитеті, яғни шығыстағы Ливия ұлттық армиясы мен батыстағы Ұлттық бірлік үкіметінің өкілдері, сайлау өткізуге қажетті заңдар жөнінде келісімге келіп, соңғы мәтінге қол қойды, деп хабарлайды АА.

БҰҰ-ның Ливияны қолдау миссиясы хабарлағандай, тараптар Триполидегі штаб-пәтерде кездесіп, құжатты бекітті.

Құжатқа сәйкес, азаматтық тұлғалар да, әскери қызметкерлер де президенттікке үміткер бола алады. Әскери адам кандидатурасын ұсынған жағдайда заңға сәйкес отставкаға кеткен болып есептеледі. Егер жеңімпаз кандидат қос азаматтыққа ие болса, ант бермей тұрып екінші азаматтығынан бас тартуы тиіс, бас тартпаса сайлау қайта өткізіледі. 

Бір кандидат 50 пайыз + 1 дауыс жинаса, екінші тур қажет емес. Парламенттік сайлау үшін 2014 жылғы Палата сайлау заңы негіз ретінде қабылданады. 

Президенттік және парламенттік сайлаулар 24 айдан аспайтын мерзім ішінде өтуі тиіс. Ливияның Жоғарғы ұлттық сайлау комиссиясының төрағасы мен орынбасарлары анықталды.

Ливияда соңғы бірнеше жыл бойы сайлау өткізу мүмкін болмаған. Себебі Бенгазидегі Палата мен Триполидегі Мемлекеттік жоғарғы кеңес арасында заңнамаға қатысты келіспеушіліктер болды. 

Бұған дейін Мемлекеттік кеңес бұл келісім Ливия саяси келісіміне қайшы деп, жарамсыз деп жариялаған еді.

Бұл құжат елде саяси процесті қайта жандандыруға жол ашуы ықтимал.

Бүгін, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.