
Оралдағы түнгі клубтардың бірінде ер адам бойжеткенге дөрекі түрде күш көрсетті. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде кең тарап кетті, деп хабарлайды Орда.
Желіде жарияланған кадрлардан зардап шеккен бойжеткеннің еденде отырып, аяғымен теуіп өзін қорғауға тырысқанын көруге болады. Ол бірнеше секундқа шабуылдаушыны өзінен алыстата алғанымен, ол мұнымен тоқтамады. Ер адам әйнек затты ұстап алып, бойжеткенге қарай бар пәрменімен лақтырады — әйнек оның басына тиіп шағылады.
Бұл оқиғаға құқық қорғау органдары жедел әрекет жасады. Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті күдіктінің ұсталып, полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады.
Күш көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жэатыр және БҚО ПД басшылығының жеке бақылауына алынған. Тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның өзге жәй-күйі әзірге жарияланбайды.
В Атырау +12.4