Атырау, 31 тамыз 11:34
 дождьВ Атырау +12.4
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41

Құлсарыдағы №20 мектеп жабылмайды — білім басқармасы

39 рет қаралды

«Автожолшылар» ықшамауданындағы №20 мектеп төңірегіндегі сегіз айға созылған даудан кейін билік оның алдағы тағдырына қатысты ресми шешімін жариялады.

Бұған дейін «АЖ» оқушылардың ата-анасы мен жергілікті билік арасындағы келіспеушілік туралы жазған болатын. Ата-аналар балаларды «Атырау» ықшамауданындағы жаңадан ашылған «Келешек» мектебіне көшіру жоспарына қарсы шығып, Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовқа №20 мектепті сақтап қалуды сұрап өтініш түсірген еді.

Мақала «АЖ»-дажарияланғаннан кейін облыстық білім басқармасының басшысы Марат Әбуов №20 мектептің 2026–2027 оқу жылында өз жұмысын әрі қарай жалғастыратынын айтты. Оның мәліметінше, мұнда 305 бала білім алады.

300 орындық бұл мектеп 1993 жылы пайдалануға берілген және «Автожолшылар» мықшамауданының балаларына қызмет көрсетеді. 2019 жылы тұрғындардың өтініші бойынша 180 орындық қосымша ғимараттың құрылысы басталып, ол 2026 жылы аяқталды.

«Жаңадан салынған жапсарлас ғимарат барлық стандартқа сай толық жабдықталған: акт залы, спорт залы, асхана және пәндік кабинеттердің барлығы қарастырылған», — деді М. Әбуов.

Ал «Атырау» ықшамауданындағы 1200 орынға арналған жаңа «Келешек» мектебі де жаңа оқу жылында ашылуы тиіс. Білім басқармасының хабарлауынша, қазірдің өзінде онда 850-ге жуық оқушы қабылданған.

№20 мектептің сақталатынын Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова да ресми түрде растады. Оның айтуынша, мектеп жабылмайды, оқу процесі әдеттегідей жалғаса береді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВ

Бүгін, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.