Атырау, 28 тамыз 18:44
 дождьВ Атырау +28.8
$ 462.30
€ 538.07
₽ 5.41

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

106 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Таяудағы бес жыл ішінде студенттер мен докторанттардың төлемдерін екі есеге арттыру үшін Қазақстанда олардың шәкіртақысын жыл сайын өсіруді жалғастыру жоспарланып отыр. Ведомствоның жоспарлары туралы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. Саясат Нұрбек айтып берді.

Оның айтуынша, төлемдерді индекстеуді тоқтату көзделмеген. Министрлік 2030 жылға қарай 100 пайыздық өсімге қол жеткізу үшін жыл сайын шәкіртақыны 15–20 пайызға арттырып отыруды жоспарлап отыр.

Шәкіртақының өсуі әсіресе докторанттар үшін едәуір сезілетін болады: егер қазір олардың айлық шәкіртақысы 262 мың теңгені құраса, жаңа бесжылдық циклдің соңында — 2026 жылдан 2030 жылға дейінгі аралықта — ол 500 мың теңгеден асады.

Бүгін, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.