Атырау, 28 тамыз 18:16
 дождьВ Атырау +28.8
$ 462.30
€ 538.07
₽ 5.41

​Құрылтай комитеттерін кім басқарады: толық тізім

120 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Қазақстанның жаңа бірпалаталы парламентінде сегіз тұрақты комитет құрылып, олардың төрағалары сайланды.

Комитет басшылары болып төмендегі тұлғалар бекітілді:

  • Серік Егізбаев — Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті;

  • Үнзила Шапақ — Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті;

  • Марат Қожаев — Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті;

  • Әмірбек Оспанбеков — Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті;

  • Асхат Аймағамбетов — Әлеуметтік-мәдени даму комитеті;

  • Ольга Перепечина — Қаржы және бюджет комитеті;

  • Дархан Ахмедиев — Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті;

  • Наталья Годунова — Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті.

Комитет төрағалары олардың жұмысын үйлестіретін Құрылтай Бюросының құрамына кіреді. Бюро құрамына сонымен қатар Спикер, оның орынбасарлары және парламенттік фракциялардың басшылары енеді.

Бұған дейін Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланған болатын. Оның орынбасарлары болып Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Закиева тағайындалды.

Бүгін, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.