Атырау, 28 тамыз 16:28
 дождьВ Атырау +28.1
$ 462.30
€ 538.07
₽ 5.41

​Малайзияда “визаран” жасамақ болған қазақстандықтар депортациялануы мүмкін

51 рет қаралды

ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Малайзиядағы көші-қон ережелерін қатаң сақтауды ескертті. Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта ел билігі визасыз режимді бұзған азаматтарға елге кіруге жиі тыйым салуда.

Қазақстан азаматтары Малайзияда визасыз 30 күнге дейін бола алады. Алайда кейбіреулер бұл мерзімді “визаран” арқылы ұзартуға тырысады — яғни көрші елге қысқа уақытқа шығып, қайта оралу тәсілін қолданады. МИД мұндай әрекет жергілікті заңға қайшы екенін және елге қайта кіруге кепілдік бермейтінін атап өтті.

2026 жылы Малайзия шекаралық бақылауды күшейтті. “Визаран” жасауға әрекеттенген шетелдіктерді ұстап, әуежайдағы иммиграциялық орталыққа орналастырып, кейін депортациялауы мүмкін.

Қазақстандықтарға мынадай құжаттарды өзімен бірге алып жүру ұсынылады:

  • кері билет немесе 30 күн ішінде елден шығатынын растайтын билет;

  • сапар мақсатын дәлелдейтін құжаттар;

  • тұратын жері туралы мәлімет;

  • жоспарланған мерзімге сәйкес құжаттық растаулар.

Әсіресе балаларымен бірге білім алу үшін баратын ата-аналарға талаптарды мұқият тексеру қажет. Мұндай жағдайда арнайы рұқсаттар талап етілуі мүмкін.

Бүгін, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.