Атырау, 28 тамыз 15:36
 дождьВ Атырау +28.1
$ 462.30
€ 538.07
₽ 5.41

КҚК-дағы шабуылдардан кейін мұнай өндірісі қайта қалпына келді

84 рет қаралды

Каспий құбыр консорциумындағы (ҚҚК) танкерлерге жасалған дрон шабуылдарынан кейін уақытша төмендеген мұнай өндірісі қайтадан тұрақты деңгейге жетті. Бұл туралы Энергетика министрлігі «Интерфакс» агенттігінің сауалына берген жауабында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта елдегі мұнай өндіру көлемі тұрақты, төмендеу байқалмайды. Шілде айында ҚҚК теңіз терминалындағы уақытша тоқтаулар ірі кен орындарындағы көрсеткіштердің төмендеуіне себеп болған еді.

17–20 шілде аралығында Қара теңізде бірнеше танкерге дрондар шабуыл жасап, соның салдарынан мұнай тасымалы уақытша тоқтатылды. Кейін 27 шілдеде тасымал қайта жанданса да, 30 шілдеде тағы бір танкерге шабуыл жасалып, отын тасымалы қайтадан тоқтатылған.

Энергетика министрі Ерлан Әккенженовтің айтуынша, қаңтар мен шілде айларындағы осы төтенше жағдайлардан Қазақстан шамамен 3,5 млн тонна мұнай жоғалтқан. Осыған байланысты 2026 жылғы мұнай өндіру жоспары 98 млн тоннадан 96 млн тоннаға төмендетілді.

Бүгін, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.