
28 тамызда Алматы халықаралық әуежайында жоспарлы техникалық жұмыстар кезінде FlyArystan әуе кемесінде жергілікті өрт тіркелді.
Оқиға салдарынан Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді. Тексеруден кейін ол ауруханадан шығарылды.
Әуежайдың жедел қызметтері өртті дер кезінде сөндірді. Оқиға кезінде ұшақта жолаушылар мен экипаж мүшелері болмаған. Әуе кемесі уақытша пайдаланудан шығарылып, мамандар зақым деңгейін бағалап, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Air Astana тобы мен Алматы халықаралық әуежайы өндірістік инциденттің мән-жайын анықтауда.
В Атырау +28.1