
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор қаражатын пайдалану төңірегіндегі сын мен қауесеттерге қатысты кесімді жауап берді. Президент мемлекеттік жинақтар стратегиялық маңызы бар ұзақмерзімді жобаларға бағытталатынын баса айтты.
Мемлекет басшысы қор қаражатының мақсатсыз жұмсалатыны туралы тарап жатқан қауесеттерді теріске шығарды.
«Қаражат оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды. Мұндай қауесетті еш нәрседен хабарсыз, ниеті теріс адамдар таратады», — деп хабарлады Ақорда.
Президент тағы не мәлімдеді:
Болашаққа инвестиция: Ұлттық қордың тиімділігі нақты нәтижелермен айқындалуы тиіс. Оның қаражаты есебінен ел дамуының «ондаған және жүздеген жылдарға арналған» іргетасы қаланады.
Балаларға арналған инфрақұрылым: Ұлттық қор өсіп келе жатқан ұрпаққа төлемдер аударып жатыр, алайда қазір мемлекеттің міндеті — балалар есейгенде пайдалана алатын заманауи әрі сапалы инфрақұрылым салу.
Мемлекеттілікті нығайту: Ауқымды жобалардың Қазақстанның егемендігін сақтау мен нығайтуға тікелей қатысы бар.
Тоқаев Ұлттық қор қаражатын пайдалану және түйінді жобалар бойынша Қазақстан халқына арнайтын алдағы Жолдауында толығырақ баяндайтынын жеткізді.
В Атырау +26.4