
Оқиға кезінде қыз небәрі 17 жаста болған. Кейін ол полицияға арызданғанымен, өзінің айтуынша, іс тоқтатылған.
«Ақ Жайық» тілшісімен телефон арқылы сөйлескен ол ер адаммен кәмелетке толмаған кезінде танысқанын жеткізді. Оның сөзінше, ер адам оны мәжбүрлеп жыныстық қатынасқа тартқан, нәтижесінде жүкті боп қалған.
Кейін ер адам үйленуді ұсынған, алайда қыздың айтуынша, ер адамның әйелі мен алты баласы бар болған.
Қыздың айтуынша, уақыт өте келе ер адам оған күш қолдана бастаған. Бір оқиғадан кейін ол полицияға жүгінген, бірақ арызын кейін ер адамның әйелі кешірім сұраған соң қайтарып алған.
Сонымен қатар, ол сексуалдық зорлыққа байланысты құқық қорғау органдарына бірнеше рет шағымданғанын айтты. Соңғы рет тамыз айында арыз берген, алайда іс тоқтатылғаны белгілі болған.
Қазір қыз 18 жасқа толған. Ол құқық қорғаушы Ләззат Рақишеваның көмегіне жүгінген. Рақишева бұл оқиғаны Threads желісінде жариялап, жағдайдың ұзақ уақыт бойы отбасынан жасырылғанын, ал ер адаммен байланыс WhatsApp арқылы жалғасқанын жеткізді.
«Ақ Жайық» редакциясы құқық қорғау органдарына ресми сауал жолдап, арыз тіркелді ме, сотқа дейінгі тергеу жүргізілді ме, іс тоқтатылған болса, қандай негізде тоқтатылғанын анықтауға тырысуда. Жауап әзірге алынған жоқ.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау +26.4