Атырау, 27 тамыз 17:46
 дождьВ Атырау +28.8
$ 458.87
€ 535.09
₽ 5.42

​Бензин сапасына қатысты дау: ел бойынша тексеру басталды

60 рет қаралды

Жүргізушілердің бұқаралық арыз-шағымдарынан кейін Қазақстанда автокөлік бензинінің сапасына ауқымды тексеру жалғасып жатыр. Мамандар елдің төрт өңіріндегі 17 жанармай құю станциясында (ЖҚС) бақылау мақсатында сатып алу жүргізіп, отын үлгілерін зертханалық сараптамаға жіберді, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

Тексерулер қайда өтті? 

Отынды бақылау мақсатында сатып алу төрт өңірде жүргізілді:

  • Алматы — 5 ЖҚС;

  • Алматы облысы — 5 ЖҚС;

  • Абай облысы — 6 ЖҚС;

  • Жамбыл облысы — 1 ЖҚС.

Бұдан бөлек, мамандар жеткізудің бүкіл тізбегі бойынша, соның ішінде мұнай базаларынан да сынамалар алады. Павлодар облысында тікелей Павлодар мұнай-химия зауытынан (ПМХЗ) арбитраждық сынамалар алынды. Сарапшылар Sinoil, QazaqOil және Helios желілерінің қоспалары (присадкалары) бар отын үлгілерін де бөлек зерттеп жатыр. Сынақ нәтижелері бір апта ішінде белгілі болады деп күтілуде.

Қазіргі уақытта ведомствода автокөлік иелерінен түскен 12 ресми өтініш қаралып жатыр: 9-ы Астанадан, 2-еуі Soлтүстік Қазақстан облысынан және 1-і Павлодардан.

Сауда министрлігі зертханалар техникалық регламенттерге сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда, ереже бұзушыларға қатысты қатаң шаралар қолданылатынын — сатуға толық тыйым салуға және сапасыз жағар-жанармайды сатылымнан алып тастауға дейін баратынын баса айтты.

Бүгін, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.