
Ағымдағы жөндеуге арналған бюджеттік өтінім қалалық мәслихаттың қарауына жіберілді.
Атырау қаласы әкімдігінің ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі «АЖ» редакциясына хабарлағандай, ретро-паркте жарық шамдарын жөндеу және жаңарту, сәндік бағандар орнату, тротуар плиткасын ауыстыру, сондай-ақ бетон негізі мен гидрооқшаулағышын реттеп, жасанды тоғанды қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Көгалдандыру жұмыстары да жалғасып жатыр. 2023 жылдан бері саябақта шетен, емен, ақтерек, туя, діңді қайың, сәндік өрік, бұталар мен гүлдердің түр-түрі өсіп тұр. Қала әкімдігінің мәліметінше, жасыл желектердің жерсініп кету көрсеткіші 95%-ды құрайды. Ағымдағы жылы мердігер ұйым — «Каспийдормостострой» ЖШС — ретро-парктегі газонды жаңартты.
Жөндеу жұмыстарының нақты қашан басталатыны әлі белгісіз. Мерзімі қаражат бөлініп, тендер өткізілгеннен кейін белгілі болады.
Еске сала кетейік, ретро-паркті 2017 жылы «Теңізшевройл» компаниясы салып, қалалық әкімдік теңгеріміне тапсырған еді. Бір-екі жылдан кейін нысан жеке кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға берілгенімен, пандемияға байланысты енгізілген шектеулер оны абаттандыруға және қалыпты күйде ұстауға мүмкіндік бермеді. Саябақ қараусыз қалып, 2021 жылы қайтадан қала меншігіне қайтарылды.
Лев ГУЗИКОВ
Суретті түсірген Роза ГОРЕНШТЕЙН
В Атырау +16.9