
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқулықтарының сапасы мен қазіргі заманғы мәдениет мазмұнын өткір сынға алып, оқу бағдарламаларын бұрмалаушылықтан және шектен тыс пессимизмнен арылтуға шақырды.
Педагогтердің тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы оқу материалдарында көптеген елеулі кемшіліктердің анықталғанын мәлімдеді.
«Жақында Үкімет жұртшылыққа нәтижелі жұмыстың қорытындысын жариялады. Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам өрескел қате табылған. Мұның бәрі орта білімнің сапасына нұқсан келтіреді десек, артық айтқандық емес", - деп атап өтті Президент .
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тексерілмеген тарихи деректер мен оқиғалар сипатталатын, балаларға жалған «қаһармандар» мен олардың «ерлігі» жөнінде әңгімелейтін аңыздар енген оқу материалдарын қайта қарау қажет. Жалған, ойдан құрастырылған мәліметтер тарату арқылы балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу жақсылыққа апармайды. Бұл халқымыздың ар-ұжданына қайшы екенін айтты Мемлекет басшысы.
Президент әдебиет пен өнердің идеологиялық мән-маңызына бөлек тоқталып, бейнет пен қайғы-қасіретті бейнелеу сарынынан арылуға шақырды.
«Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек. Бұл жөнінде үнемі айтып келемін. Біздің кейбір қаламгерлеріміз «мұң» деген сөзді жақсы көреді: «жүрегімде мұң, көзімде мұң»! Мұң-қайғы жастық шаққа, жастарға жараспайды», - деп қорытындылады сөзін Тоқаев және оқыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды.
В Атырау +28.1