Атырау, 26 тамыз 15:09
 дождьВ Атырау +28.1
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43

2017 жылдан бері үй қирай бастаған: Астанадағы фельдшер Ұлдананың қазасына қатысты жаңа деректер

65 рет қаралды

Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта фельдшер Ұлдана Мырзуанның қаза болуына қатысты іс қаралуда. Кезекті отырыста айыпталушы – ОСИ төрайымы Сәуле Жұбаниязованың адвокаты істі прокурорға қайтару және қосымша сараптамалар тағайындау туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды nur.kz.

Қорғаушының айтуынша, құрылыс-техникалық сараптама қорытындысы үйдің қирауына ОСИ-дің әрекеті емес, құрылыс кезеңіндегі жүйелі заңбұзушылықтар себеп болғанын көрсеткен.

Сараптама деректері:

  • Жобаға сәйкес монолитті белдеулер мен арматуралық торлардың болмауы;

  • Сапасыз кірпіш қалау және бос жіктер;

  • Алғашқы жарықтар мен қаптаманың бүлінуі 2017 жылдан бастап, яғни айыпталушы қызметке кіріспей тұрып тіркелген.

Адвокат Жұбаниязованың әрекеті мен қайғылы жағдай арасында тікелей байланыс анықталмағанын атап өтті. Оның пікірінше, заңдық баға құрылыс компаниясына, техникалық және авторлық қадағалауға, сондай-ақ жобалаушы ұйымға берілуі тиіс.

«Жұбаниязова бұл ақауды өз бетінше анықтай ала ма, ОСИ-де қажетті қаржы бар ма, жалпы жиналыстың шешімі қажет пе – осы сұрақтар анықталмайынша қылмыс құрамын белгілеу мүмкін емес», – деді қорғаушы.

Сондықтан тарап қосымша құрылыс-техникалық және қаржылық-экономикалық сараптамалар жүргізуді, үйді пайдалануға беру құжаттарын сұратуды және істі прокурорға қайтаруды талап етті.

Бүгін, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.