
Қазақстандық жүргізуші куәліктерін Қытай аумағында ресми түрде тану мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл бастамаға қатысты Үкімет қаулысының жобасын ҚР Ішкі істер министрлігі әзірлеп, «Ашық НҚА» порталында жариялады.
Құжатта ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тану рәсімін жеңілдету көзделген. Егер жоба қабылданса, Қазақстан мен Қытай азаматтары жеңіл көлікті екі елде де қайта оқудан өтпей және емтихан тапсырмай жүргізе алады.
«Бұл жүргізуші куәліктерін қайта оқудан өтпей және емтихан тапсырмай айырбастауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ҚР мен ҚХР құзырлы органдары арасында өзара іс-қимыл тетігін қалыптастырады», – делінген түсіндірме жазбада.
Келісім ресми түрде бекітілсе, екі елдің тиісті ведомстволары құжаттарды өзара тану және айырбастау механизмін нақтылап әзірлейді. Қазіргі уақытта жоба қоғамдық талқылауда.
В Атырау +24.9