Атырау, 26 тамыз 12:23
 дождьВ Атырау +24.9
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43

Зеленский Қытайды соғысты аяқтауда «пәрменді рөл» атқаруға шақырды

46 рет қаралды
Сурет: SANA/AFP
Сурет: SANA/AFP

Украина Президенті Владимир Зеленский Пекинді Ресеймен арадағы әскери қақтығысты аяқтау үшін өзінің дипломатиялық ресурсын іске қосуға шақырды, деп хабарлайды Би-би-си.

Украина жетекшісі мұндай мәлімдемені X әлеуметтік желісінде КХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтауына берген жауабында жасады.

«Қытаймен ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға және елімізге қарсы Ресей соғысын аяқтауда Пекиннің пәрменді дипломатиялық рөл атқаруына үміт артамыз. Бейбітшілік біздің ортақ жетістігіміз бола алады», — деп жазды Зеленский.

Айта кетерлігі, Си Цзиньпиннің ресми хатында соғыс тақырыбы мүлде сөз болмаған. КХР басшысы өзара құрмет негізінде «ұзақ мерзімді, салауатты әрі тұрақты қарым-қатынастарды» дамытуға дайын екені туралы стандартты дипломатиялық тұжырымдармен шектелген.

Пекин бұл қақтығыста ресми түрде бейтарап позицияны ұстанады. Дегенмен батыс елдері Қытайды Мәскеуге қарсы санкциялардан бас тартқаны және Ресей Федерациясына қос мақсаттағы тауарларды жеткізгені үшін бірнеше рет айыптаған еді. НАТО-ның 2024 жылғы саммитінде Пекин тура мағынасында Ресейдің «ең маңызды көмекшісі» деп аталды. Сонымен қатар, қытайлық жиынтықтаушы бөлшектер украиналық дрондарды өндіруде де белсенді қолданылып келеді.

Бүгін, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.