Атырау, 25 тамыз 18:59
 дождьВ Атырау +37.9
$ 457.99
€ 534.15
₽ 5.47

Зеленский кеңсесі басшысының бұрынғы орынбасары Ирина Мудрая қамауға алынды

50 рет қаралды

Украинаның Жоғары сыбайлас жемқорлыққа қарсы соты Президент офисі басшысының бұрынғы орынбасары Ирина Мудраяға қатысты бұлтартпау шарасын белгілеп, оны 20 миллион гривна кепіл баламасымен қамауға алу шешімін шығард, деп хабарлайды bbc.com.

Оған НАБУ мен САП ұсынған екі іс бойынша айып тағылған:

  • «Форрест Гамп»: 150 миллион гривна көлеміндегі заңсыз қаражатты жылыстату;
  • «Фемида»: Киевтің орталығындағы мүлікті заңсыз басып алу.

Күдік тағылған бойда Президент Владимир Зеленский Мудраяны қызметінен босатты.

Ал Мудраяның өзі айыптардың Максим Микитась жазып алған жеке әңгімелерге негізделгенін және бұл арандату болғанын алға тартуда. 

Кепіл төленсе, ол босатылып, оған Киевтен шығуға тыйым салынады және электронды білезік тағылады. Мұнымен қатар, сыбайлас жемқорлық дауы аясында Жоғарғы Рада екі министрді отставкаға жіберді.

Бүгін, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.