
Шымкент мұнай өңдеу зауытында электрмен жабдықтау жүйесіндегі ақауға байланысты негізгі қондырғылардың бірі апатты түрде тоқтады, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.
KEGOC компаниясының 220 кВ желісінде кернеудің төмендеп кетуі салдарынан кәсіпорындағы каталитикалық крекинг кешені апатты режимде жұмысын доғарды.
Қазіргі уақытта зауыттың жедел персоналы тоқтаған жабдықты қайта іске қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Мамандардың дер кезінде қабылдаған әрекеттерінің арқасында басқа технологиялық қондырғылар штаттық режимде сақталып қалды, кәсіпорынның толық тоқтау қаупі жоқ.
В Атырау +37