Атырау, 25 тамыз 13:26
 дождьВ Атырау +30.4
$ 457.99
€ 534.15
₽ 5.47

«Жол беруге болмайды»: Бектенов энергетика нысандарын жөндеуге қатысты қатаң ескерту жасады

41 рет қаралды

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жөндеу науқанын уақтылы аяқтауды және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Мемлекет басшысы энергетика мен коммуналдық инфрақұрылымның стратегиялық маңызын, сондай-ақ еліміздің энергетикалық және инфрақұрылымдық негізін нығайту қажеттігін әрдайым атап өтіп келеді. Аталған мақсаттарға жыл сайын ауқымды қаражат бағытталады.

Биылдың өзінде энергия нысандарын жөндеуге және жаңғыртуға 851 млрд теңге көзделген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 60%-ға артық. Оның ішінде «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында биыл шамамен 384 млрд теңге бөлінді (2025 жылғы жөндеу науқанында бөлінген қаражаттан 15%-ға көп).

Олжас Бектенов осындай ауқымды қаржыландыру жағдайында жөндеу мерзімдерін кейінге ауыстыруға, жұмыс қарқынын бәсеңдетуге және бөлінген қаражаттың игерілмей қалуына жол беруге болмайтынын қатаң ескертті.

Бүгін, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.