Атырау, 25 тамыз 12:49
 дождьВ Атырау +30.4
$ 457.99
€ 534.15
₽ 5.47

Песков Ресейдегі мобилизацияның жаңа толқыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

66 рет қаралды
Дмитрий Песков / фото Антон Новодерёжкин / Коммерсантъ
Дмитрий Песков / фото Антон Новодерёжкин / Коммерсантъ

Кремль әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тарап жатқан Ресей Федерациясындағы мобилизацияның жаңа толқынына дайындық туралы ақпаратты теріске шығарды, деп жазады RTVI.

РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұндай хабарламаларды «кезекті жалған ақпарат» (информациялық фейк) деп атады.

Оның айтуынша, бұл мәліметтерді таратумен ел ішіндегі жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында Украина билігі айналысып жатыр. Песков мұндай жалған деректер қоғамдық пікірге манипуляция жасау үшін ақпараттық кеңістікке мақсатты түрде таратылатынын атап өтті.

Бүгін, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.