Атырау, 25 тамыз 12:21
 дождьВ Атырау +30.4
$ 457.99
€ 534.15
₽ 5.47

«Алып кетіп, азаптады»: Шымкентте белгілі спортшыны өлтіріп кету ісі бойынша сот басталды

40 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Шымкенттің Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында күрес шебері, 40 жастағы Василий Колесниковтыңөліміне қатысты атышулы іс бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды ktk.kz.

Қайғылы оқиға 2026 жылдың қаңтарында орын алған еді. Алғашқы нұсқа бойынша, жолда екі автокөлік соқтығысып, жүргізушілер арасында жанжал шыққан. Дегенмен, қорғаушы тараптың пайымдауынша, қарапайым жол-көлік оқиғасы кейпінде алдын ала жоспарлап аңдыған. Төбелес болған жерге бір топ ер адам келіп жеткен. Шабуылдаушылар Колесниковты аяусыз соққыға жығып, күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен.

Арада бірнеше сағат өткенде спортшының азапталған денесі Шымкент маңынан табылған.

Мемлекеттік айыптаушы Мұхтар Арыстановтың мәліметінше, шабуылдаушылар ерекше қатігездікпен әрекет еткен. Спортшыға қатты доғал әрі өткір жүзді заттармен бірнеше рет соққы жасап, оны саналы түрде өлтірген.

Сотталушылар орындығында БАҚ-та жүздерін көрсетуге тыйым салған алты айыпталушы отыр. Іс бойынша тағы екі фигурантқа халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгін, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.