
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бекаи АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әрекеттеріне қатысты мәлімдеме жасап, олардың агрессиясын қолдаған елдер халықаралық құқықты бұзатынын айтты, дпе хабарлайды АА.
Ол Болгария аумағынан америкалық KC-135 ұшақтарының шыққанын мысалға келтіріп, мұны әскери агрессияға қолдау көрсету деп бағалады.
Бекаи Иранның кез келген шабуыл көздеріне соққы беру құқығы халықаралық құқықтан туындайтынын атап өтті. Сонымен қатар ол АҚШ-тың экономикалық қысымын «экономикалық терроризм» деп атады және теңіз блокадасын агрессивті әрекет ретінде сипаттады.
Иран ресми өкілі Ормуз бұғазының қауіпсіздігі мәселесін Оманмен бірге талқылайтынын, ал Пәкістанмен қарым-қатынастардың «ең жақсы кезеңде» екенін жеткізді. Израильдің Сирияға жасаған шабуылдарын ол «Ұлы Израиль» жобасының бөлігі деп атап, Сирияның өзін қорғауға толық құқығы бар екенін айтты.
В Атырау +30.4