Атырау, 24 тамыз 17:23
 дождьВ Атырау +34.8
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47

​Ақордадағы кадрлық өзгерістер: Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы мен омбудсмен тағайындалды

54 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа кадрлық тағайындаулар туралы Жарлықтарға қол қойды.

Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін де Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы лауазымын атқарған, сондай-ақ еліміздің қаржы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарында басшылық қызметтерде болған.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Артур Ермекұлы Ластаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды. Ол осы тағайындауға дейін де омбудсмен міндетін атқарған, ал оған дейін прокуратура органдарында және ҚР СІМ-нің шетелдегі мекемелерінде қызмет еткен

Бүгін, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.