Атырау, 7 қазан 00:51
 дождьВ Атырау +13.5
$ 453.65
€ 509.99
₽ 5.31

Оралда 10 млн теңгенің құрылыс материалы қайтарылды

347 рет қаралды

24 тамызда Орал қаласында кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасында полиция қызметкерлеріне жедел әрі кәсіби әрекеті үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

20 тамызда белгісіз адамдар құрылыс материалдарын сатып алуға тапсырыс беріп, төлем жасалғанын растайтын жалған түбіртек жіберген. Кәсіпкер тауарды жүк көлігіне тиеп бергеннен кейін ғана төлем құжатының жалған екенін анықтаған.

Полицияның жедел қимылының арқасында алаяқтар алып кетпек болған құны 10 млн теңге болатын құрылыс материалдары толық көлемде заңды иесіне қайтарылды.

24 тамыз, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.