Атырау, 24 тамыз 16:19
 дождьВ Атырау +34.8
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47

Сирияда бұрынғы мүфти өмір бойына бас бостандығынан айырылды

99 рет қаралды

Сирияда бұрынғы мүфти Ахмед Бадреддин Хассунға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды АА.

Дамаскідегі ауыр қылмыстар жөніндегі 4-ші қылмыстық сот оның әрекеттерін азаматтық соғысқа және дінаралық қақтығыстарға арандатушылық деп бағалап, адамзатқа қарсы және әскери қылмыстарға қатысы бар деп таныды.

Үкімге сәйкес, мүфти жалпы немесе жеке амнистияға жатпайды және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу құқығына ие емес. Тергеу барысында оның бұрынғы режим кезінде ресми діни құрылымдарды әскери және жазалау операцияларын ақтау үшін пайдаланғаны анықталды. Сонымен қатар, азаматтарды босату үшін ақша мен сыйлық алғаны дәлелденді.

Айта кетейік, бұған дейін, 11 тамызда, Дамаскідегі сот Башар Асад пен оның туыстарын қоса алғанда сегіз адамды бейбіт тұрғындарды өлтіру және азаптау қылмыстары үшін өлім жазасына кескен болатын.

Бұл үкім Сириядағы бұрынғы билік өкілдеріне қатысты сот процестерінің жалғасып жатқанын көрсетеді.

Бүгін, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.