Атырау, 24 тамыз 12:32
 дождьВ Атырау +31
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47

​Жаңаталап ауылында Құрылтай сайлауы жалғасуда

103 рет қаралды

Жаңаталап ауылының 700-ден астам тұрғыны өз таңдауын жасап үлгерді. Ауылдық мәдениет үйінде орналасқан №71 сайлау учаскесінде жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған дауыс беру жалғасуда. Бұл учаскеде 2 760 сайлаушы тіркелген. Дауыс беру барысын учаскелік сайлау комиссиясының 9 мүшесі мен 3 бақылаушы қадағалап отыр. №71 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Амантаеваның айтуынша, сайлауға түрлі жастағы тұрғындар қатысуда.

– Олардың арасында 80 жастан асқан ақсақалдар да, отбасымен бірге келіп дауыс беріп жатқан тұрғындар да бар. Сондай-ақ сайлаушыларымыздың арасында мүмкіндігі шектеулі 25 азамат бар. Ауыл тұрғындарын сағат 20:00-ге дейін күтеміз, – деді Айгүл Амантаева.

Бүгін өз таңдауын жасағандардың қатарында Атырау қалалық мәслихатының депутаты, Атырау теннис орталығының директоры Ануар Батаев та бар. Оның айтуынша, жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау елдің одан әрі дамуы үшін маңызды мәнге ие.

Кеше, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.