Атырау, 24 тамыз 11:50
 дождьВ Атырау +24.1
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47

Каспий теңізіндегі мұнайшылар Құрылтай сайлауында дауыс берді

101 рет қаралды

NCOC компаниясының Солтүстік Каспий жобасында еңбек ететін қызметкерлер Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына белсенді қатысты.

Биыл алғаш рет вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін өндірістік нысандарда екі сайлау учаскесі ашылды. Соның бірі — Батыс Ескенедегі «Болашақ» мұнай-газды кешенді дайындау қондырғысының «Самал» вахталық қалашығында орналасқан №288 учаске. Мұнда 2000 сайлаушы тіркелген, дауыс беру жалғасып жатыр.

Өндірістік аумақта учаскелердің ұйымдастырылуы вахталық әдіспен еңбек ететін азаматтарға жұмыс орнынан шықпай-ақ конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Жалпы, Атырау облысында 11 271 адам вахталық әдіспен жұмыс істейді. Оның ішінде 3 575-і — Қазақстанның басқа өңірлерінен келген азаматтар.

Бүгін, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.