Атырау, 6 қазан 17:51
 дождьВ Атырау +18.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Мұрат Өтешов: «Әрбір таңдау — болашаққа бастар жол»

461 рет қаралды

Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Мұрат Өтешов отбасымен бірге Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауына қатысты.

Ол өз таңдауын №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицей ғимаратында орналасқан №10 сайлау учаскесінде жасады.

— Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Әрбір дауыс – болашаққа бастар жол. Құрылтайдың енгізілуі – мемлекетіміз үшін маңызды қадам. Азамат ретінде ел тарихына үлес қосу үшін келдім. Ардагерлер жеті партияның бағдарламасымен танысты, барлығы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды мақсат етіп отыр, — деді Мұрат Өтешов.

Айта кетейік, ол Ұлттық құрылтайдың шешімдерін қоғамда насихаттауға белсенді қатысып келеді. Сонымен қатар ардагерлер ұйымы атынан өңірдегі рухани, тәрбиелік және әлеуметтік мәселелерді талқылауға атсалысып жүр.

24 тамыз, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.