Атырау, 21 тамыз 15:18
 дождьВ Атырау +32.1
$ 458.23
€ 535.99
₽ 5.46

Қазақстандағы жаңа Volkswagen көліктері: бағасы 12,9 млн теңгеден басталады

83 рет қаралды

Volkswagen 19 тамызда Қазақстандағы ресми топтамасын таныстырды. Бұған дейін компания жаһандық үлгілерін ұсынса, енді елімізде Volkswagen мен Қытайдың FAW кәсіпорны бірлесіп шығаратын көліктер сатылмақ. Сауда 27 тамызда басталады, деп хабарлайды Kolesa.kz.

Жаңа топтама тосынсый болған жоқ — ресми дистрибьютор барлық модельге алдын ала сертификат рәсімдеп қойған. Қазақстандық нарыққа төрт модель ұсынылады: Bora, Passat седандары және Tayron, Talagon кроссоверлері.

Bora (Sagitar L) – ұзындығы 4,8 метр, дөңгелек базасы 2,73 метр. 1,5 литрлік турбомотор (160 а.к., 250 Нм) және 7 сатылы DSG роботпен жабдықталған. Trendline және Comfortline жиынтықтары бар. Бастапқы бағасы – 12,9 млн теңге.

Passat (Magotan) – ұзындығы 5 метрге жуық, дөңгелек базасы 2,87 метр. 2 литрлік турбомотор (220 а.к., 350 Нм), 7 сатылы роботпен жұмыс істейді. Comfortline және Highline жиынтықтары ұсынылады. Бағасы – 19 млн теңгеден.

Tayron – Tiguan-ның үшінші буынына жақын кроссовер. 2 литрлік EA888 моторы (220 а.к.) және 7 сатылы роботпен жабдықталған. Comfortline, R-Line және R-Line Plus түрлері бар. Базалық нұсқасы алдыңғы жетекті, R-Line толық жетекті. Бағасы – 17 млн теңгеден.

Talagon – ең ірі әрі қымбат модель. Ұзындығы 5,1 метр, 6 және 7 орынды нұсқалары бар. 2 литрлік Gen 5 турбомоторы (272 а.к., 400 Нм) 7 сатылы робот арқылы төрт дөңгелекке күш береді. Comfortline және R-Line түрленімдері ұсынылады. Бастапқы бағасы – 25,6 млн теңге.

Volkswagen көліктері сегіз дилерлік орталықта ресми түрде сатылып, 3 жыл немесе 100 000 км кепілдік беріледі. Компания 2030 жылға қарай дилерлік желіні 22 автосалонға дейін кеңейтуді, сондай-ақ электрлі модельдерді әкелуді және Қазақстанда өндірісті жолға қоюды жоспарлап отыр.

Бүгін, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.