Атырау, 21 тамыз 12:44
 дождьВ Атырау +26.8
$ 458.23
€ 535.99
₽ 5.46

Балалар қауіпсіздігі мен құқықтары: Қазақстанның жаңа оқу жылына дайындығы

85 рет қаралды

Қазақстанда жаңа оқу жылы басталар алдында мектептерді, балабақшалар мен колледждерді ауқымды тексеру аяқталды. Тексерілген 10,6 мың қауіпсіздік нысанының бес жүзінен бұзушылықтар анықталып, 174 басшы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ranking.kz.

ІІМ мәліметінше, дабыл батырмалары мен камералар барлық оқу орындарында бар, бірақ Оперативті басқару орталықтарына мектептердің 93%-ы ғана қосылған. Жүйелерді интеграциялау бойынша ең төменгі көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан (72%) және Қостанай (70%) облыстарында тіркелді.

Бұдан бөлек, полицейлер мектептердің жанындағы жол қауіпсіздігі бойынша 2,5 мыңнан астам нұсқама берді. Ол жерлерге қосымша орнату қажет:

  • 1 мыңға жуық «жасанды жол бұдыры» (лежачий полицейский);

  • 180-нен астам бағдаршам;

  • 4,1 мың жаяу жүргінші белгісі;

  • 12,7 мың метр қоршау.

Мектеп құрылысы және медицина

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы оқу орындарына 5,8 миллион бала барады: 4,1 миллион мектеп оқушысы (оның ішінде 417 мың бірінші сынып оқушысы), 1,1 миллион мектеп жасына дейінгі бала және 556 мың колледж студенті.

Қазіргі уақытта елімізде 101 мектеп салынуда (12-сі пайдалануға берілді), ал 178 ғимарат күрделі жөндеуден өтуде. Бұл ретте 9 өңірде 13 нысан бойынша жөндеу мерзімінің бұзылу қаупі байқалды, ал Атырау, Ақтөбе, Ұлытау және ШҚО-да 8 мектептің құрылысы кешігуі мүмкін.

Параллельді түрде Денсаулық сақтау министрлігі мектептердегі медициналық кабинеттердің жабдықталуы 95%-ға дейін артқанын, ал мектептегі стоматологиялар саны екі есе өсіп, 288-ге жеткенін хабарлады.

Қазақстан әлемдік рейтингтің үздік 25 елінің қатарында

Сарапшылар 2024–2025 жылдары балаларға қарсы тіркелген қылмыстардың өсуін заңдардың қатаңдатылуымен және құқық бұзушылықтар тізімінің кеңеюімен (соның ішінде әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңдар) байланыстырады.

Жүйелі реформалар шетелде де бағаланды. Kids Rights Index 2026 халықаралық рейтингінде Қазақстан қатарынан үшінші жыл үздік 25 елдің қатарына еніп, 24-орынды иеленді. Балалар құқықтарын қорғау деңгейі бойынша ҚР Швейцария, Канада, Ұлыбритания мен көршілес Ресейді (151-орын) басып озды. Елде «Қазақстан балалары» жаңа бесжылдық тұжырымдамасын іске асыруға 1,3 триллион теңге бөлінуде.


Бүгін, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.