
Атырау облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев «Қашаған» кен орнына барып, өндірістік нысандардың жұмысын тексерді.
Сапар барысында ол негізгі объектілердің қызметімен танысып, өндірістік процестердің ұйымдастырылуын, жұмысшылардың еңбек жағдайын, қауіпсіздік талаптарының орындалуын және экологиялық іс-шаралардың тиімділігін бағалады.
Қазіргі уақытта Каспий теңізіндегі «Д» аралында 400-ге жуық жергілікті қызметкер еңбек етуде. Прокурор «Қашаған» кен орны әлемдегі ең ірі әрі күрделі жобалардың бірі екенін атап өтіп, мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар мұнай-газ нысандарында еңбек құқықтарының сақталуы мен өндірістік және экологиялық қауіпсіздікке тұрақты бақылау жүргізілетінін жеткізді.
Атырау облысының прокуратурасы бұл бағыттағы қадағалау жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.
В Атырау +26.8