
Облыс әкімі Болат Ақшолақов азаматтарды жеке қабылдады. Өңір тұрғындары облыс басшысының алдында жол, тұрғын үй, үлескерлік құрылыс, инватакси жұмысы және жұмысқа орналасуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.
Қала тұрғындарының бірі әкімнің назарын қаланыңң инфрақұрылымы — көшелер, көгалдандыру, сондай-ақ кәріз және дренаж желісінің мүшкіл жағдайына аударды. Бұдан бөлек, ол Сарыөзек пен Соколок каналдарын тереңдетіп, қажетті гидротехникалық жұмыстарды жүргізу арқылы жөндеуді ұсынды.
Тағы бір маңызды тақырып инватакси қызметінің жұмысы сөз болды. Өңір тұрғыны жолаушылардың кезігіп отырған қиындықтары туралы айтып, сервисті жақсарту жолдарын ұсынды.
Бұған жауап ретінде Болат Ақшолақов инватаксиге тапсырыс беру мен сапарларды ыңғайлы әрі сапалы ету үшін профильді мемлекеттік органдарға қызметті цифрландыруды пысықтауды тапсырды.
Сондай-ақ қабылдауда ерекше қажеттіліктері бар баланың анасының өтініші тыңдалды. Әйел мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған, олардың жаңа дағдыларды меңгеріп, уақытты тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін қызықты дамытушы жобаларды іске қосуды ұсынды.
Өңір басшысы келген әрбір азаматты тыңдап, жауапты басқармаларға көтерілген мәселелерді заң шеңберінде шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.
В Атырау +34.5