
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі пайдаланушыларға мобильді қосымшалар орнатқанда сұралған рұқсаттарға мұқият қарауды ескертті.
Көп жағдайда қолданушылар автоматты түрде келісім беріп, нәтижесінде ондаған бағдарлама камераға, микрофонға, контактілерге, геолокацияға және файлдарға қол жеткізе алады.
Қосымшалар сұрайтын негізгі рұқсаттар
Геолокация – құрылғының орналасқан жерін анықтау үшін
Камера және фотогалерея – фото/бейне түсіру және файлдарға қол жеткізу үшін
Микрофон – аудио жазу және жіберу үшін
Контактілер – телефон кітапшасын пайдалану үшін
Файлдар мен жады – құжаттармен жұмыс істеу үшін
Қоңыраулар мен SMS – растау кодтарын оқу үшін
Хабарламалар – дербес ақпаратты қамтуы мүмкін
Артық рұқсаттың қаупі
Фишингтік шабуылдар
Әлеуметтік инженерия және алаяқтық
Басқа аккаунттарға қол жеткізу
Пайдаланушының цифрлық бейінін құру
Деректерді заңсыз тарату немесе коммерциялық пайдалану
Қауіпсіздікке арналған кеңестер
Геолокацияны тек қосымшаны қолдану кезінде ғана қосыңыз
Камера мен микрофонға тек қажет қосымшаларға рұқсат беріңіз
Контактілер мен файлдарға қолжетімділікті шектеңіз
Белгісіз немесе ресми емес көзден жүктелген қосымшаларға сақ болыңыз
Есте сақтаңыз: дербес деректер – қаскөйлер үшін құнды ақпарат. Рұқсаттарды жүйелі түрде тексеру – цифрлық қауіпсіздікті арттырудың ең қарапайым тәсілі.
В Атырау +34.5