Атырау, 21 тамыз 17:04
 дождьВ Атырау +32.1
$ 458.23
€ 535.99
₽ 5.46

20 сот орындаушысы букмекерлік кеңседе 180 млн теңге жоғалтқан

255 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет
ChatGPT жасаған сурет

Алматы облысында жеке сот орындаушылар 180 млн теңгені құмар ойындарға жұмсағаны анықталды.

Прокуратура жүргізген тексеріс барысында 20 жеке сот орындаушысының букмекерлік кеңселерде тұрақты түрде ойын шоттарын толықтырып, жүйелі түрде құмар ойындарға қатысқаны белгілі болды.

Олардың бірі үш жыл ішінде 139 млн теңге, тағы бірі 26 млн теңге аударған. Жария-маңызды функцияларды атқаратын тұлғалардың мұндай әрекеті кәсіби әдепке қайшы келіп, қоғамның жеке сот орындаушылары институтына деген сеніміне нұқсан келтіреді.

Аталған деректер бойынша прокурорлық қадағалау актілері Әділет департаментіне және өңірлік палатаға жолданып, заңда көзделген шараларды қабылдау мәселесі көтерілді.

Кеше, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.