Атырау, 20 тамыз 14:19
 дождьВ Атырау +33.5
$ 462.22
€ 536.50
₽ 5.43

Талғар тауында табылған сүйек: 20 жыл бұрын жоғалған адамның туыстары таныды

96 рет қаралды
@nelliksun
Сурет @nelliksun парақшасынан

Алматы облысы Талғар ауданындағы Северцев мұздығы маңынан табылған ер адамның сүйегі оның 19 жыл бұрын жоғалып кеткеніне байланысты болуы мүмкін екені анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Денесі таудан түсірілгеннен кейін марқұмның туыстары полицияға хабарласып, әлеуметтік желіде бұл туралы жазды. 

Қызы туристерге алғыс білдіріп, рюкзак суретінен әкесіне тиесілі екенін танығанын айтты. Кейін тергеушілер рюкзак ішінен аты-жөні жазылған куәлікті тапқанын хабарлаған.

Беларусь туристері 19 тамызда мұздықтан сүйек пен туристік жабдықты тауып, координаттарымен бірге фото және бейнематериалдарды құтқарушыларға жіберген еді. 

ТЖМ тікұшағы сүйекті төменге түсіріп, жедел-тергеу тобына тапсырды. Қазір мамандар адамның жеке басын нақтылап, оның тауда қалай қаза тапқанын және жоғалу жағдайын анықтап жатыр.

Бүгін, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.