
Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үйді қайта жекешелендіруге рұқсат берілді.
Үкіметтің жаңа қаулысы 2026 жылдың 28 тамызынан бастап күшіне енеді. Бұған дейін мемлекеттік баспананы жекешелендірген азаматтар белгілі шарттар орындалса, бұл құқықты тағы да пайдалана алады.
Ол үшін бірінші баспана 2024 жылдың 4 желтоқсанына дейін жеке меншікке рәсімделген болуы тиіс және бұрынғы пәтер немесе үйдегі үлесі 50 пайыздан аспауы керек. Басқа азаматтар үшін ереже өзгеріссіз қалады: мемлекеттік тұрғын үйді өмірінде тек бір рет жекешелендіруге болады.
Жекешелендіру процесі ерікті түрде жүзеге асады. Сонымен қатар жаңа түзетулер тұрғын үйді бөліп төлеу арқылы сатып алуға мүмкіндік береді, мерзімі 15 жылға дейін созылады.
Қазақстанда жекешелендірудің үш жолы бар: тегін беру – жеңілдік санаттарына сәйкес, толық сатып алу – қалған құны бойынша, бөліп төлеу – ай сайынғы төлеммен 15 жылға дейін.
Өтінішті азаматтар электронды түрде eGov.kz порталы арқылы немесе қағаз түрінде ХҚКО бөлімшесінде тапсыра алады.
В Атырау +33.5